Меню KDT

«Күзгі әлемдік саяхат»

09.09.2026
Просмотров: 9
9 қыркүйекте 6 сынып оқушылары үшін дәстүрлі күзгі квест — «Күзгі әлемдік саяхат» өтті. Бұл ескі саябақтың көркем аумағында өткен, стансалар бойынша қызықты саяхат болды. Қатысушылар үшін қызықты және әртүрлі тапсырмаларды 10 сынып оқушылары дайындады. Жоғары сынып оқушылары ұйымдастырушылар мен стансалардың жүргізушісі рөлінде болып, алтыншы сынып оқушыларына ептілік, тапқырлық, жылдамдық және айла-тәсіл көрсету мүмкіндігін сыйлады.
Толығырақ >>

Отбасы күні

09.09.2026
Просмотров: 8
Отбасы күнін мерекелеу аясында лицейде отбасылық құндылықтарды нығайтуға, туыстар мен жақындарға құрметпен қарауды тәрбиелеуге, сондай-ақ отбасын әрбір адамның басты тірегі, сүйіспеншілік, қамқорлық және өзара түсіністіктің көзі ретінде қабылдауды қалыптастыруға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Толығырақ >>

Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі дүниежүзілік күні

09.09.2026
Просмотров: 14
9 қыркүйекте 10 қыркүйек – Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі дүниежүзілік күніне орайластырылған акция аясында лицейде «Өмірдің құндылығы: психикалық денсаулықты қалай сақтауға болады және қиын жағдайда қайдан көмек алуға болады» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында балалармен «Қиын жағдайда өзіңе және басқаларға қалай көмектесуге болады?», «Қиын жағдайда кімге көмек сұрап баруға болады?» деген сұрақтар талқыланды.
Толығырақ >>

Алдын алу дәрісі

09.09.2026
Просмотров: 16
2026 жылғы 9 қыркүйекте 8-9 сынып оқушылары үшін полиция подполковнигі Әбділманов Тимур Мұхтарұлы алдын алу дәрісін өткізді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол жүру ережелерін сақтау, буллингтің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты басқа да мәселелер қозғалды.
Толығырақ >>

11 сынып оқушыларының ҚР ҰҚК СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің өкілдерімен кездесуі

08.09.2026
Просмотров: 23
8 қыркүйекте лицейде 11 сынып оқушыларының ҚР ҰҚК СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Қонақтар балаларға өз жұмыстары, қызметтің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына, келісімшарт бойынша әскери қызметке және осы бағыттағы басқа да оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесу қызықты әрі танымды өтті, оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, шекарашы мамандығы туралы көбірек біле алды. #кәсіптік_бағдар
Толығырақ >>

Директордың блогы

Опрос

Статистика

  • Осы айда299
  • Осы аптада84
  • Кеше9
  • Бүгін8
  • Желіде:0




Мемлекеттік рәміздер


                                                                                                                                          


ҚР Мемлекеттiк Туы
                                 ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы                                      ҚР Мемлекеттік Гимні






Пайдалы сілтемелер